Ақмола облысының прокуратурасы тауарларды іс жүзінде жеткізбей, жұмыстарды орындамай, жалған шот-фактураларды жазу фактілерін анықтады.
Нұр-Сұлтан қаласы және Ақмола облысының тұрғындары аса ірі мөлшерде бюджетке салық төлеуден жалтару мақсатында бизнестің жекелеген субъектілеріне жалған шот–фактуралар жазып берген.
Аталған факті бойынша облыстық прокуратура ҚР Қылмыстық кодексінің 216-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық істі тіркеп, тергеу амалдарын жүргізу Ақмола облысы бойынша экономикалық тергеу департаментіне тапсырылды.
Тергеу барысында аталған тұлғалардың қарсы әрекеттері арқылы мемлекетке 1,7 млрд. теңгеден астам сомаға материалдық залал келтірілгені анықталды.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
Тергеу мүдделеріне қатысты басқа мәліметтерді жариялау мүмкін емес.
Құрметті азаматтар! Егер Сіз қаржы саласындағы құқық бұзушылықтарға тап болсаңыз немесе Сізге ұқсас фактілер белгілі болса, Ақмола облысының прокуратурасына 8 (7162) 25-48-94, Ақмола облысы бойынша экономикалық тергеу департаментіне 8 (7162) 25-62-84 сенім телефондары бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.
Ақмола облысының прокуратурасы