spot_img
Дүйсенбі, Шілде 14, 2025
11.7 C
Kokshetau

Жаңбыр жауып, қатты жел соғады: 21 сәуірдің ауа райы болжамы

Сондай-ақ...оқыңыз

«Қазгидромет» РМК сәрсенбі, яғни 21 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады.

«Республиканың солтүстік бөлігі әлі де антициклон ықпалында болғандықтан, жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Республиканың қалған аймақтарында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы болады, кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар), оңтүстікте, оңтүстік-шығыста қатты жауын-шашын жауады. Еліміздің кей аумағында тұман, найзағай, көктайғақ болуы мүмкін, жел күшейеді, шығыста жаяу бұрқасын болады, оңтүстік және оңтүстік-шығыста қатты дауыл соғып, бұршақ жаууы мүмкін, оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады», – деп болжам жасайды синоптиктер.

Атап айтқанда, Түркістан, Жамбыл  облыстарының кей жерлерінде тұман, қатты дауыл күтіледі, желдің 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін, Жамбыл облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман түсіп, найзағай болғанда жел күші 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман,  көктайғақ болады,  жел 15-20, екпіні 23-28 м/с дейін күшеюі мүмкін.

Қарағанды ​​облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл, түнде кей жерлерде 15-20 м/с жел күшейеді, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 25 м/с болады.

Батыс Қазақстан облысында бұршақ жаууы мүмкін, кей жерлерде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Қызылорда, күндіз Ақмола, Павлодар, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Қостанай облысының кей жерінде тұман түседі.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ушу спортынан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы алты медаль алды

Қытайдың Джилинг қаласында ушу саньда спортынан ересектер арасындағы Азия кубогында Қазақстан құрамасы алты медаль алды. Бұл жарысты Халықаралық және Азия...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика