spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-3.8 C
Kokshetau

2025 жылы ауылдарда балаларға арналған 1 600 үйірме ашылады

Сондай-ақ...оқыңыз

2025 жылға қарай ауылдарда балаларға арналған 1 600 үйірме ашылады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ауыл тұрғындары үшін заманауи, жайлы әлеуметтік-мәдени және спорттық орта құру, ауылды елді мекендерде тұратын балалардың шығармашылық және спорттық әлеуетін дамыту министрліктің басты міндеті. Бүгінде ауылдық жерде 6 мыңнан астам мәдениет ұйымы бар. Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі жол картасы аясында «Жұмыспен қамту жол картасы», «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы, жергілікті бюджет, жеке инвестиция тарту және мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін пайдалану есебінен 748 инфрақұрылымдық жоба іске асырылады. Оның ішінде 180 жаңа мәдениет нысанының құрылысы мен 568 нысанға жөндеу жүргізіледі», – деді ол.

Ақтоты Райымқұлова Мемлекет басшысының 2020 жылы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл уақыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасы аясында балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық әлеуетін дамыту мақсатында министрлік балалар үйірмелерінің қызметін жаңарту бойынша белсенді жұмыс істеп жатқанын айтты.

«Бүгінгі таңда ауылдарда барлығы 12 000 шығармашылық үйірме жұмыс істейді. Оның ішінде 115,2 мың бала шұғылданатын балалар мен жасөспірімдерге арналған 9 000 үйірме бар. Қосымша шығармашылық үйірмелер ашу және балалар мен жасөспірімдердің сапалы бос уақытын ұйымдастыру мақсатында 2021 алғаш рет мемлекеттік шығармашылық тапсырыс енгізілді. 2025 жылға дейін республика бойынша қосымша ауылдық елді мекендерде қосымша 1600 үйірме ашылады. Нәтижесінде қосымша 42 мың бала мемлекеттік шығармашылық тапсырыспен қамтылады және балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелер саны 10 600-ге жетеді», – деді министр.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img