spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Асқар Мамин: Халықты вакцинациялаумен қамтуды кеңейту қажет

Сондай-ақ...оқыңыз

Елімізде пандемиямен байланысты жағдай әлі де күрделі, бірақ бақылауда. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Қазір біздің басты міндетіміз санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру және коронавирус инфекциясына қарсы жаппай вакцинациялаумен қамтуды арттыру болып табылады», – деді ол.

Үкімет басшысы пандемиямен байланысты жағдай әлі де күрделі, бірақ бақылауда екенін баса айтты.

«Дегенмен 8 өңір «қызыл аймақта». Вирустың репродуктивтілік индексі – 1,06. Ауруханалардағы орындардың жүктелуі – 41, реанимациялық бөлімдердегі орындар – 27 пайыз», – деді Асқар Мамин.

Осыған байланысты Премьер-Министр бірқатар тапсырма берді.

«Бірінші. Халықты, әсіресе қамтылуы төмен өңірлерде вакцинациялаумен қамтуды кеңейту қажет. Сәуір айының соңына дейін және ай сайын 2 млн адамды вакцинамен қамтамасыз ету жөніндегі жоспарды нақты орындау керек. Екінші. Денсаулық сақтау министрлігі, әкімдіктер сапалы медициналық көмек көрсетілуін, медицина ұйымдарының қажетті дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілуін үнемі мониторингтеп тұрсын», – деді Үкімет басшысы.

Үшіншіден Премьер-Министр әкімдіктер Денсаулық сақтау, Ішкі істер министрліктерімен, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, мобильді мониторингтеу топтарының белсенді қатысуымен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауын қамтамасыз етуі керектігін баса айтты.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img