spot_img
Жексенбі, Наурыз 8, 2026
-3.8 C
Kokshetau

Геннадий Головкин Жаңа жыл қарсаңында жапон боксшысымен жұдырықтасуы мүмкін

Сондай-ақ...оқыңыз

Кәсіпқой бокстан орта салмақта IBF және IBO чемпиондық белбеулерінің иесі Геннадий Головкин (41-1-1) жапон боксшысы Риото Муратамен (16-2, 3 КО) жекпе-жек өткізуді жоспарлап жатыр деп жазады Vesti.kz. Риото Мурата WBA чемпионы екенін айта кету керек.

Спорт сарапшысы Крис Мэнникстің мәліметінше, тараптар келіссөз жүргізіп жатыр. Жекпе-жектің өзі биыл 31 желтоқсанда Жапонияда өтуі мүмкін.

Бұл ақпаратты Головкинмен жұмыс істеп жатқан промоутер Эдди Хирн де растады. Ол биыл жазда GGG мен америкалық әлем чемпионы Деметрис Андраде (30-0, 18КО) арасында жекпе-жек жоспарланғанын да айтып отыр.

Еске салайық, қазақстандық боксшы соңғы рет рингке былтыр желтоқсан айында шыққан болатын. Ол кезде жерлесіміз поляк Камил Шереметаны нокаутпен жеңіп, әлем чемпионы титулын 21-рет қорғады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты Қазақстан азаматтарына арналған ұсынымдар

Таяу Шығыстағы әскери іс-қимылдардың жалғасуына, сондай-ақ көптеген елдердің әуе кеңістігінің жабылуына байланысты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарына...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика