spot_img
Сенбі, Желтоқсан 13, 2025
-5.8 C
Kokshetau

Ақмолада республикалық «Киік» акциясы басталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Өңірде даланың ерке жануары – киіктің қалың қар мен жалтыр мұзға шыдамай қырыла бастағанын хабарлағанбыз. Ұзын саны екі жүзден асып жығылған.  Жергілікті әкімдіктер, «Охотзоопром» және табиғатты қорғау инспекцияларымен киіктерді қорғау әрекеті одан әрі жалғасын тауыпты. 15 сәуірден бастап жалпы тұтас республика бойынша төлдеу уақытында киіктерді қорғау және табиғатты қорғау заңнамасының бұзылуының алдын алу мақсатында жыл сайын ұйымдастырылатын «Киік» атты кең көлемді акция басталды, деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі.

Аталған акция барысында полиция қызметкерлері орман шаруашылығы және жануарлар әлемі бөлімі қызметкерлерімен бірге киік мүйізінің заңсыз сатылуы және оларды облыс аумағынан тыс аймақтарға шығарылуына қарсы шараларды күшейтіп жатқандарын жеткізді.

Киіктердің табиғи популяциясын сақтау және браконьерлік шабуылдардың жолын кесу мақсатында  «Охотзоопром» РМҚК және орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы қызметкерлерімен бірлесіп 15 бірдей арнайы топтар құрылды. Бүгінге дейін облыс аумағында 6 рейд шаралары өткізілді», – дейді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.

Акция 15 мамырға дейін жалғаспақ.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақкөлде ауыл әйелдері форумы өтті: Бірлік, Даму және Болашаққа бағытталған жаңа қадам

2025 жылғы 4 желтоқсанда Ақмола облысының Ақкөл ауданында еліміздің ауыл әйелдерін біріктірген маңызды оқиға – «Ауыл Әйелі: Бірлік. Даму....
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика