spot_img
Сәрсенбі, Наурыз 25, 2026
-0.1 C
Kokshetau

Кісі қолынан қаза тапқан Аяжан Еділова жерленді

Сондай-ақ...оқыңыз

Алматыда кісі қолынан қаза тапқан Аяжан Еділова жерленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл ақпаратты марқұмның бауыры Алмат Мүліков растады. «Бүгін, 16 сәуірде Талдықорғанда жерленді», – деді ол.

Еске салсақ, 19 наурызда Алматыда 19 жастағы бойжеткен жұмыстан шығып үйіне оралмаған. Кейін Аяжан Еділова өлі күйінде табылды . Алматы қалалық Полиция департаменті таратқан мәліметке сәйкес, 20 наурыз күні қыздың әпкесі полицияға жүгініп, сіңлісінің жоғалып кеткенін хабарлаған.

Бойжеткенді іздеу үшін арнайы жедел тергеу тобы құрылды. Іздеу жұмысы кезінде қыздың сол күні әлеуметтік желіде танысқан жігітпен кездесуді жоспарлағаны анықталды. Кейін белгілі болғандай, бойжеткен сол бейтаныс жігіттің қылмыстық әрекетінен қаза тапқан .

Күдікті – 1993 жылы туған Түркістан облысының тұрғыны.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Мыңдаған қонақтан кейінгі Наурыз: Көкшетаулықтар Тазару күні экоакциясына шықты

23 наурыз – Наурызнама онкүндігінің қорытынды күні, символдық мәні зор Тазару күніне орай Көкшетау қаласында «Таза ел – біздің...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика