spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Бурабайда жедел жәрдем көлігін ату фактісі бойынша күдіктілер анықталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмолалық полицейлер Бурабай ауданында жедел жәрдем көлігін атумен оқиғасына байланысты күдіктіні іздеп тапты, деп хабарлайды «Aqmola News».
Щучинск қаласында жүкті әйел отырған жедел жәрдем көлігіне оқ атылған. Үрейленген, жедел жәрдем көлігіндегілер көліктің ешқайда соғылмағанын айтады. Көліктің терезесінде оқ тигендей тесіліп, әйнегі тұтастай шытынап сынған.

«Жедел іздестіру шаралары барысында Бурабай ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері 17 жастағы күдікті мен екі куәгерді іздеп тапты. Олардың үшеуі де Щучинск қаласындағы колледждердің бірінінің студенттері болып шықты», – деді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.

Жас жігіттердің берген түсініктемелері бойынша осы жылдың 11 сәуірінде сағат кешкі 22.00 шамасында олар көп қабатты үйлердің бірінің ауласында пневматикалық тапаншадан металл шөлмектерді атып отырған.
«Бір кезде олардың бірінің атқан оғы кездейсоқ өтіп бара жатқан жедел жәрдем көлігіне тиіп кеткен. Олар көлікті атамыз деген ойлары болмапты», – деп толықтырды полицияның баспасөз қызметінен.
Қазір аталған факт бойынша тергеу амалдары жалғасуда.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img