spot_img
Сәрсенбі, Сәуір 16, 2025
8.6 C
Kokshetau

Қазақстанда «Киік» табиғат қорғау акциясы басталды

Сондай-ақ...оқыңыз

2020 жылдың 15 сәуірі мен 15 мамыры аралығында еліміздің 12 облысында кең ауқымды «Киік» табиғат қорғау акциясы өтеді, деп хабарлайды «Aqmola News» ҚР Экология және геология министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Іс-шараның бастамашылары Экология, геология және табиғи ресурстар, Ішкі істер министрліктері және Ұлттық қауіпсіздік комитеті болып табылады. Тараптар ««Киік» табиғатты қорғау акциясын өткізу туралы» бірлескен бұйрыққа қол қойды.

Акцияның мақсаты лактация кезеңінде киіктерді қорғауды күшейту, сондай-ақ ел аумағында табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың жолын кесу бойынша бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады.

Бұйрық шеңберінде акцияны өткізу кезінде құқық қорғау және табиғат қорғау органдарының өзара іс-қимылы жөніндегі үйлестіру штабы, сондай-ақ бірлескен іс-қимыл жоспары бекітілді.

Акция барысында құқық қорғау органдарымен бірлесіп киік мүйіздерінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл және оларды елден тыс жерлерге шығару бойынша шаралар күшейтіледі.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Адал еңбегімен ел алғысын алған азамат

Манбетали Муслимов 1950 жылы Дөңілағаш ауылында өмірге келді. 1967 жылы Көкшетау қаласының облыстық мектеп-интернатынан орта білім алып, 1968-1969 жылдары...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика