spot_img
Бейсенбі, Наурыз 19, 2026
5.2 C
Kokshetau

Ақмолада аса ірі мөлшерде «гашиш» алып өтпек болғандар ұсталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында полицейлер өңірге аса ірі көлемде гашиш есірткісін алып өтпек болғандарды құрықтады, деп хабарлайды «Aqmola News»
Нашақорлыққа қарсы күрес жөніндегі облыстық полиция департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шарасы кезінде 16 киллограмнан асатын «гашиш» есірткісі мен 17 миллион 500 мың теңге ақшаны алып бара жатқан топты ұстаған.

«Тәжірибелі қызметкерлердің жедел ұйымдастырылған әрекетінің нәтижесінде Нұр-Сұлтан қаласы мен өңір аумағына аса ірі көлемде жеткізілген «гашиш» есірткісін жеткізуді ұйымдастырған 3 азамат қолға түсті», – деді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.

Қазіргі уақытта аталған факт бойынша қылмыстық кодекстің 297 бабының 3 тармағы «аса ірі мөлшерде есірткі заттарын өндіру және заңсыз сақтау» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Күдікті азаматтар уақытша оқшаулағышқа қамауға алынған.

«Басқа ақпараттар тергеу жүргізіліп жатқанына байланысты жарияланбайды», – деп толықтырды облыстық полиция департаментінің нашақорлыққа қарсы күрес басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Мейрам Жапбасов.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Салық реформасы мен цифрлы қызметтер: Қаржы министрлігі бизнеспен және халықпен диалогты күшейтіп келеді

Қазақстанның Қаржы министрлігі жаңа Салық кодексін енгізу мен басқару ісін цифрлы экожүйенің аясында дамыту бағытындағы кешенді жұмысты жалғастырып жатыр....
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика