spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Аршалы ауданына су тасқынымен күресуге қосымша күш жіберілді

Сондай-ақ...оқыңыз

Су тасқынымен күресу үшін Ақмола облысының Аршалы ауданына төтенше жағдайлар департаменті, сондай-ақ, Қарағанды облысынан әскери бөлімнің күштері мен құралдары жіберілді, деп хабарлайды Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Су тасқыны бойынша шиеленіскен жағдай қазір Целиноград, Аршалы аудандарында сақталып отыр. Есіл өзенінің арнасына ағынның ұлғаюына, сондай-ақ Астана су қоймасынан судың 350 м3/ сек-қа дейін көтерілуіне, № 42 Разъезд ст. және Жібек жолы а. көшелеріндегі елді мекендерді су басу судың келуі ұлғаюымен байланысты қауіп пайда болды, онда құтқарушылар қазір су тасқынын жою үшін тәулік бойы жұмыс істеп жатыр.


«Астана су қоймасының ағынды суларының артуына байланысты Аршалы ауданы, Жібек Жолы ауылының 8-ші шағын ауданы үшін қауіп пайда болды. Осыған байланысты Азаматтық қорғаныс полкінің 52 859 әскери бөлімі күштерінің жеке құрамынан 50 адам, сонымен қатар 3 бірлік техника жіберілді. Сондай-ақ, ТЖД Ақмола гарнизонының күштерінен 30 адам, 3 бірлік техника, 4 мотопомпа күштері біріктірілді. Қазіргі уақытта Жібек жолы ауылының айналасындағы қоршауды нығайту үшін қап тығындылары дайындалып және үйіліп жатыр», – деп хабарлады Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрлан Атығаев.


Аршалы ауданындағы жергілікті атқарушы органдар мен құтқарушылар бірлесе отырып 6550 қапқа инертті материалдарды толтырды, үйіндіге 3200 қап тиелді, 6720 м3 су сорылды, Департамент бастығының басшылығымен штаб орналастырылды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img