spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-3.8 C
Kokshetau

«Ел үлесі -пәтерге»: Ерейментаулық жалғыз басты ана баспаналы болды

Сондай-ақ...оқыңыз

Рамазан айының қарсаңында, ҚМДБ-ның «ЕЛ ҮЛЕСІ ПӘТЕРГЕ» республикалық қайырымдылық акциясы аясында ерейментаулық жалғыз басты ана Айсұлу Алгазиноваға екі бөлмелі пәтердің кілті табысталды,-деп хабарлайды «Aqmola News» ақпарат агенттігі. 

Нұр-Сұлтан қаласы «Gentlemen’s Club» клубының өкілдері Руслан Шамкенов  және Бауыржан Касымбергебаев бұл игі істің бастамашылары болып, жалғыз басты анаға клуб атынан құны 2 100 000 теңге болатын пәтер кілтін табыстады.

Бүгін менің қуанышымда шек жоқ. Баспаналы болғанымызға балалар қуанып жатыр. Төрт балапанымды өзім асырап, жеткізіп келемін. Үйсіз-күйсіз жүргеніміз әрине, жанымызға батып еді. Маған қол ұшын созып жатқан «Ел үлесі- пәтерге» жобасын ұйымдастырушыларға, Руслан Шамкенов  және Бауыржан Касымбергебаев азаматтарға, мешіт ұжымына үлкен алғыс айтамын. Жасаған жақсылықтарыңыз еселеп қайтсын,-дейді Айсұлу Алгазинова.

Пәтер кілтін салтанатты табыстау кезінде  Ерейментау ауданының әкімі Абай Әлжанов пен «Тоқан Хазрет» мешітінің бас имамы Еркебұлан Исенов барлық клуб мүшелеріне алғыс білдіріп, кәсіптеріне береке-табыс тіледі.

Еске сала кетсек, жалпы акция аясында республика бойынша 366 пәтер кілті табысталды.

Бұл Ақмола облысы бойынша табысталған 16- шы пәтер кілті болды.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img