spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Ақмола облысында карантин талаптарын күшейту туралы жаңа қаулы шықты

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы 5 сәуірден бастап қызыл аймаққа кірді, соңғы аптада КВИ ауруының өсуі 1,6 есеге артты.Осыған байланысты карантиннің шектеу шараларын күшейту туралы өңірдің бас санитарлық дәрігерінің кезекті қаулысы шықты, деп хабарлайды «Aqmola News»ақпарат агенттігі.

Облыстық тауарлар мен қызмет сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен тәулікте аймақта 101 адамнан коронавирус инфекциясы табылды.

Жаңа қаулыда жиын-тойға мүлдем рұқсат берілмейді. Сонымен қатар мәдени көпшілік іс шараларды да өткізуге, форум, конференция сияқты жиындарды ұйымдастыруға тиым салынады.

Ойын-сауық мекемелері (караоке, бильярд, компьютер клубтары, түнгі, ойын клубтар, боулинг орталықтары, жабық үй-жайлардағы балалардың ойын алаңдары мен аттракциондары, батут және тағы басқалар), букмекер кеңселерінің және ересектер мен балаларға арналған өзге де ойын-сауық, кальян орындарының (оның ішінде қоғамдық тамақтану объектілеріндегі) қызметі тоқтатылады.

Бұдан бөлек, банкет залдары, балаларға арналған ойын-сауық орталықтары, мәдениет объектілер, кинотеатр, театр, концерт залдары, жүйелі жүрмейтін облысаралық және қалалық (туристік тасымал) қозғалысын тоқтатады.

Ал сенбі мен жексенбіде жабық азық-түлік емес базарлардың, сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда орталықтарының, балалар ойын алаңдары мен аттракциондарының, фитнес орталықтары, тренажер залдары мен спорт-сауықтыру орталықтарының, сауна, бассейн, СПА орталықтарының қызметіне тыйым салынады.

Сонымен қатар, штаттық кестеде 20-дан артық қызметкер болғанда, қызметкерлердің кемінде 80 пайызы қашықтықтан жұмыс атқарады.

Жаңа қаулы 2021 жылғы 11 сәуірде сағат 00.00-ден бастап күшіне енеді.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img