Өңірлерде жауын-шашын жауады, тек оңтүстік, оңтүстік-батыс және орталықта жауын-шашын жаумайды, деп хабарлайды «Aqmola News» Қазгидромет» РМК-ге сілтеме жасап.
Кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді, солтүстікте көктайғақ болады. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады. Күндіз кей жерлерде жел екпіні – 15-20 м/с.
Ақмола, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, түнде және таңертең Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман түседі.
Батыс Қазақстан, Қостанай, күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде жел қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді.