spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Көкшетауда әйел қаңғыбас адамнан таяқ жеді

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауда 38 жастағы әйел үйсіз-күйсіз қаңғырған ер адамнан таяқ жеген. Өз үйінің подъезінде бірнеше жерден дене жарақатын алған әйел полицияға арыз жазған, деп хабарлайды «Aqmola News».

Аталған факт туралы Ақмола облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.
Оқиға 5 сәуір күні Көкшетау қаласында болған. Әдеттегідей үйден жұмысқа шыққан әйел үйінің подъезінде жатқан қаңғыбас адамды шығармақ болыпты. Бірақ ер адам үйден шыққысы келмей, әйелге жұдырық ала жүгірген.

«Қорғансыз әйелге шабуыл жасаған қаңғыбас ер адам туралы ақпарат барлық автокөліктегі және жаяу патрульдік полиция қызметкерлеріне дереу таратылды. Арада аз уақыт өтпей полиция бейнебақылау камераларының көмегімен тұрғылықты мекенжайы жоқ 48 жастағы күдікті ер адамды іздеп тапты. Әйел үйінің подъезін паналап кірген екі қаңғыбастан дереу босатуды сұраған. Бұған ашуланған ер адамдардың бірі әйелге түрлі деңгейдегі дене жарақаттарын салыпты», – дейді Ақмола облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.

Қазіргі уақытта аталған факт бойынша қылмыстық кодекстің 293 бабының 1 тармағы «Бұзақылық» боынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img