spot_img
Сенбі, Шілде 4, 2026
19.4 C
Kokshetau

Алақанын тесіп шыққан: Көкшетауда қақпадан асып үйіне кірмек болған баланы құтқарушылар құтқарып алды

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауда темір қақпақтан асып өтпек болған 10 жасар баланың алақанынан істік темір кіріп екінші жағынан бірақ шыққан. Ойнап жүріп оңбай жарақат алған баланы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары құтқарып алды, деп хабарлайды «Aqmola News».

Темір қақпақтың сыртына орнатылған жүзі өткір темірді алақаннан алып шығу қауіпті болған. Құтқарушылар қақпақтың жоғары тұсындағы темір істікті кесіп шығаруға шешім қабылдапты. Бұған дейін баланың қолында темір қадалып тұрған.

«112 арнайы пульт нөміріне баланың көмекке мұқтаж екені туралы телефон хабарламасы түсті. Дереу оқиға орнына барып баланың оң жақ алақанына темір шарбақтың істік темірі кіріп кеткенін анықтадық. Қақпақтың баланың алақаны тұсындағы бөлігін кесіп алуға шешім қабылданды. Қолын қатты жарақаттаған бала жыламай бізге барынша көмегін көрсетті. Жедел жәрдемге жеткізіп, одан кейін баланың қал қал-жағдайын біліп телефон шалдық. Абырой болғанда бәрлығы сәтті өтіпті», – дейді Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің құтқару бөлімінің бастығы Рүстем Мужупов.

Еш жыламаған балақай үйіндегілерге «Бір аптадан соң келемін, күтіңіздер!» деп қуанышты көңіл күймен жедел жәрдем көлігіне өзі барып отырған.
Қазір баланың хал-ахуалы жақсарып, ауруханадан шығарылып үйіне жетіпті.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жасанды интеллект дәуіріндегі конституциялық кепілдіктер: Қазақстан азаматтарының деректерін қорғаудың жаңа кезеңі

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы азаматтардың жеке деректерін қорғауды мемлекеттің басты басымдықтарының бірі ретінде бекітті. Енді әр адамның жеке өмірінің...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика