spot_img
Жұма, Қараша 21, 2025
-0.2 C
Kokshetau

Әлия Назарбаева жаңа қызметке сайланды

Сондай-ақ...оқыңыз

Әлия Назарбаева «Жасыл ел» еңбек жасақтары кеңесінің төрағасы қызметіне сайланды. Бұл туралы 5 сәуірде өткен «Жасыл ел» еңбек жасақтары кеңесінің I отырысында жарияланды, деп хабарлайды ұйымның баспасөз қызметі.

Кеңес құрамына Парламент депутаттары, қоғам қайраткерлері, экологиялық және республикалық жастар ұйымдарының өкілдері де енген. Олар:

Айгүл Соловьева – кеңес төрағасының орынбасары, «Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы» ЗТБ төрағасының орынбасары;

Тоқтар Болысов – кеңес төрағасының орынбасары, «Қазақстанның жастар конгресі» ЗТБ атқарушы директоры;

Азамат Данияр – кеңес хатшысы, «Жасыл ел» ЖЕЖ республикалық штабтың жетекшісі;

Нұртөре Жүсіп – Сенат депутаты;

Елдос Абақанов – Мәжіліс депутаты;

Айжан Ысқақова – Мәжілісі депутаты;

Тілектес Адамбеков – Мәжіліс депутаты;

Мәди Ахметов – Мәжіліс депутаты;

Майя Бекбаева – журналист, тележүргізуші, продюсер, Қазақстан халқы ассамблеясы Төрағасының орынбасары;

Эмин Әскеров – қоғам қайраткері, кәсіпкер, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кеңесшісі;

Тимур Елеусізов – «Табиғат» экологиялық одақ төрағасының орынбасары;

Болат Бұқарбай – YouTube желісіндегі «Jaqsy Bolady» жобасының авторы.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында да қаржылық пирамидалардың құрбандары жыл сайын артып келеді

Мұндай алаяқтық схемалар азаматтардың сенімін пайдаланып, жылдам табысқа құмарлығын, экономикалық қысымды қолданады. Бұл туралы сұхбат барысында Ақмола облысы бойынша...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика