spot_img
Дүйсенбі, Қазан 6, 2025
8.2 C
Kokshetau

Коронавирустың өршуіне жаңа штамдар түрткі болды – Алексей Цой

Сондай-ақ...оқыңыз

Елімізде коронавирустың өршуіне жаңа штамдар түрткі болды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Науқастану өсімі британдық және оңтүстікафрикалық штамдардың айналымымен байланысты болып отыр. Осыған орай өңір әкімдері инфекциялық төсек-орындармен және алғашқы медициналық-санитарлық көмектің мобильді бригадаларымен қамтамасыз ету бойынша шұғыл іс-шаралар қабылдауы қажет», – деді

Денсаулық сақтау министрі. Сонымен қатар ол сәуір айында ПТР тестілеу санының артқанын айтады.

«Эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, сәуірде тестілеудің тәуліктік санының 57 мың зерттеуге дейін артқаны байқалады. Бұл қолданыстағы зертханалардың тәуліктің қуатының 50 пайызын құрайды және ақпанмен салыстырғанда 1,6 есе артық», – деді Алексей Цой.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Чинсон» корей мәдени орталығының 35 жылдығы – достық пен татулықтың мерекесі

Көкшетаудағы «Қоғамдық келісім» мекемесінде «Чинсон» корей мәдени орталығының 35 жылдық мерейтойына арналған салтанатты шара өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика