spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Е. Тоғжанов Жер реформасы жөніндегі комиссияның екінші отырысын өткізді

Сондай-ақ...оқыңыз

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Жер реформасы жөніндегі комиссияның екінші отырысы өтті. Санитарлық талаптарға сәйкес іс-шараға тек комиссия мүшелері қатысты.

Комиссия құрамында ҚР Парламент депутаттары, облыстардың әкімдерінің агроөнеркәсіп кешені мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарлары, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері, фермерлер, салалық бірлестіктер мен фермерлер одағының, «Атамекен» ҰКП-ның өкілдері, қоғам қайраткерлері, саясаттанушылар, журналистер мен блогерлер бар. Олардың көпшілігі  бейнеконференция байланысы арқылы қатысты. Сондай-ақ, қазақстандықтар Ауыл шаруашылығы минстрлігінің ресми сайты мен YouTube каналындағы онлайн-трансляцияға қосылып, комиссияның жұмысын бақылауға мүмкіндік алды. Азаматтарға ыңғайлы болу үшін республикалық «Хабар24» телеарнасынан тікелей эфир ұйымдастырылды.

Отырысты ашқан Ералы Тоғжанов комиссияның мақсатын айта келіп, ағымдағы жылдың 25 ақпан күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның ауыл шаруашылығы жерлерін шетелдіктерге беруге толық тыйым салу туралы түпкілікті саяси шешім қабылдағанын еске салды. Сондай-ақ, ол қазіргі таңда комиссия алдында ауыл шаруашылығы саласындағы жер қатынастарын дамыту мәселелері бойынша ұсынымдар әзірлеу міндеті тұрғанын жеткізді.
«Заң жобасының бірінші оқылымы Мәжілісте 7 сәуір күні өтеді. Бұны айтып отырған себебім, өздеріңізге белгілі, көпшілік арасында, әсіресе, әлеуметтік желілерді әлі де жекелеген түсініспеушіліктер кездесуде. Жалған қауесетті әдейі таратушылар да жоқ емес екенін айтуымыз керек. Сондықтан, тағы бір нақтылап айтамын: жердің шетелдіктерге берілмейтіні жөнінде нақты шешім қабылданды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы  қоғам тарапынан көтеріліп отырған негізгі мәселелер бойынша түйінді  шешімін айтты,  нүктесін қойды», — деді Жер реформасы жөніндегі комиссияның төрағасы.

Одан кейін комиссия мүшелері бірінші отырыстың қорытындысы бойынша әзірленген ұсыныстарды қарауға көшті. 25 наурыздағы бірінші отырыста айтылған ұсыныстарға сәйкес, комиссия жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында екі жұмыс тобы құрылды. Экономикалық мәселелер жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Парламент Сенатының депутаты Ақылбек Күрішбаев болды. Оған комиссияның 33 мүшесі кірді. Құқықтық мәселелер жөніндегі топты Мәжіліс депутаты Ерлан Барлыбаев басқарды. Оған 21 адам қосылды. Модератор бұдан бөлек 25 наурыздағы отырыс қорытындысы бойынша барлығы 55 ұсыныс, оның ішінде 11 ұйымдастырушылық, сондай-ақ 29 экономикалық және 15 құқықтық сипаттағы ұсыныс келіп түскенін хабарлады. Олардың барлығы комиссия мүшелерінің, уәкілетті органдардың және фермерлік қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен жұмыс топтарында талқылануда. Ұсыныстарды қарау нәтижелері туралы жұмыс топтарының жетекшілері А. Күрішбаев пен Е. Барлыбаев хабарлады.

Олардың айтуынша, көпшілік дауыспен шетелдіктерге және шетелдік компанияларға, шетелдік қатысу үлесі бар компанияларға, азаматтығы жоқ адамдарға, халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтарға, сондай-ақ қандастарға ауыл шаруашылығы жерлерін беруге тыйым салу жөніндегі заң жобасы қабылданғаннан кейін қазақстандықтарға жалға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің шекті ең жоғары мөлшерлерін бекіту туралы Үкімет қаулысын қабылдау туралы ұсыныс қолдау тапты. Екінші жұмыс тобы жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау функцияларын ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің қарамағына қайтаруды құп көрді. 2014 жылдан бастап жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау функциялары жергілікті атқарушы органдарға жүктелді, ал 2018 жылы аудан әкімдеріне бақылау функциялары берілді.  Сонымен қатар, барлық салаларда бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру тәжірибесі бақылау органдарының (орталық-облыс-аудан) барынша тиімділігін көрсетеді.

«Салыстырмалы талдау көрсеткендей, 2013 жылдан бері жерді пайдалану және қорғау мәселелері бойынша әкімдіктер жүргізген тексерулер саны 2,6 есеге, ал анықталған заң бұзушылықтарды жою 4,5 есеге артқан», —  деді мәселенің өзектілігін түсіндірген Ерлан Барлыбаев.

Оның айтуынша, жерді пайдалану мен қорғауды бақылау функцияларын орталық уәкілетті органға беру мәселесін Парламент депутаттары, Бас прокуратура, Жоғарғы сот, «Атамекен» ҰКП және тағы басқалар көтеріп отыр. Сонымен қатар, құқықтық мәселелер жөніндегі жұмыс тобының мүшелері Бақытжан Базарбек көтерген жердің нысаналы мақсатын бағбандықтан басқа мақсаттарға өзгертуге заңнамалық тұрғыда тыйым салу туралы бастамасын қолдады. Жер реформалары жөніндегі комиссия мүшелері айтылған ұсыныстар бойынша дауыс берді.

Бұдан бөлек, Qoldau платформасын Қаржы министрлігіннен алып, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің қарамағына беру және оны «Ауыл шаруашылығы жануарларын cәйкестендіру» ақпараттық жүйесімен интеграциялау мәселелері қаралды. Отырыс соңында жиынға қатысушылар қоғам өкілдері арасынан төраға орынбасарын сайлауды ұсынды. Ашық дауыс беру нәтижесінде «Қазақстан фермерлер одағы» РҚБ-нің президенті Жигули Дайрабаев комиссия төрағасының орынбасары болып сайланды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img