spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Жолымбет кентіне қоқыс шығару техникасы сыйға тартылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Шортанды ауданы Жолымбет кентінің коммуналдық қызметкерлеріне  мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында «Қазақалтын Technology» ЖШС басшысы Семен Сергеевич Хан қоқыс жинау және шығару үшін жаңа көліктің кілтін салтанатты түрде табыстады,-деп хабарлайды «Aqmola News»ақпарат агенттігі. 

«Ауылға арнайы техника сатып алу қажеттілігі бұрыннан тұр. Біз жұмыс тобының отырыстарында осы мәселені бірнеше рет талқыладық, міне бүгін біз өз жоспарларымызды үлкен ықыласпен және қамқорлықпен жүзеге асырудамыз. Біз ауылға, тұрғындарға көмектесе алатынымыз қуантады. Бұл Жолымбеттің дамуындағы үлкен қадам деп есептеймін», – деді Семен Сергеевич.

«Қазақалтын ТКМК» АҚ құрылған жұмыс тобының белсенді қызметінің арқасында кент тұрғындарының әлеуметтік мәселелері шешілуде. Сонымен қатар бірқатар өткір проблемалар, соның ішінде кентті арнайы техникамен қамтамасыз ету де басты мәселе ретінде қарастырылды.

«Бүгінгі таңда кәсіпорынмен жақсы диалог орнатылғаны байқалады. Жаңа жыл қарсаңында «Қазақалтын» жедел жәрдем машинасын тапсырса, бүгін міне қоқыс шығаратын техниканы сыйға тартты. Кентті жақсарту жоспары кезең-кезеңмен жүзеге асырылатыны байқалады. Машина кенттің игілігіне ұзақ уақыт қызмет етеді деп үміттенеміз», – деді аудан әкімі  Ғайдар Қасенов.

Бұдан бөлек, жақын күндері Тау-кен өндіруші кәсіпорын тарапынан қоқысқа арналған 50 контейнер әкеліп кент әкімдігінің теңгеріміне берілмек.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img