spot_img
Жұма, Шілде 11, 2025
16.1 C
Kokshetau

Ауа райы: Қазақстанның басым бөлігінде ескерту жарияланды

Сондай-ақ...оқыңыз

Синоптиктер дүйсенбі, яғни 5 сәуір күні еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болатынын, кей өңірде жаңбыр аралас қар жауатынын ескертті, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

5 сәуірде Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін.

5 сәуірде Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.

5 сәуірде Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал. Күндіз кей аумақта шаңды дауыл болуы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

5 сәуірде Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерінде 15-20 м/с жетеді.

5 сәуірде түнде Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

5 сәуірде Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

5 сәуірде Атырау облысында кей жерлерде тұман түседі. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысып жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

5 сәуірде түнде Түркістан облысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Кей жерлерде найзағай, бұршақ, батыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.

5 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с жетеді.

5 сәуірде Жамбыл облысында кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жаууы мүмкін. 4-7 сәуірде кей жерлерде тұман түсіп, найзағай, бұршақ болуы ықтимал. 6-7 сәуірде солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ушу спортынан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы алты медаль алды

Қытайдың Джилинг қаласында ушу саньда спортынан ересектер арасындағы Азия кубогында Қазақстан құрамасы алты медаль алды. Бұл жарысты Халықаралық және Азия...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика