Синоптиктер дүйсенбі, яғни 5 сәуір күні еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болатынын, кей өңірде жаңбыр аралас қар жауатынын ескертті, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
5 сәуірде Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін.
5 сәуірде Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.
5 сәуірде Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал. Күндіз кей аумақта шаңды дауыл болуы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
5 сәуірде Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерінде 15-20 м/с жетеді.
5 сәуірде түнде Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
5 сәуірде Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
5 сәуірде Атырау облысында кей жерлерде тұман түседі. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысып жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
5 сәуірде түнде Түркістан облысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Кей жерлерде найзағай, бұршақ, батыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.
5 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с жетеді.
5 сәуірде Жамбыл облысында кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жаууы мүмкін. 4-7 сәуірде кей жерлерде тұман түсіп, найзағай, бұршақ болуы ықтимал. 6-7 сәуірде солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.