Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы қымбаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 30 наурызбен салыстырғанда 0,34 теңгеге өскен. АҚШ долларының орташа бағамы 424,74 теңге болды.
Ұлттық банктің 31 наурыздағы ресми бағамы: 1 доллар – 424,34 теңге. Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 424,57 теңгеден сатылса, сатып алу – 423,02 теңге.
Ал Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 424,54 теңгеге сатылып жатыр, сатып алу құны – 423,46 теңге.