Ақмола облысының Сандықтау, Ерейментау, Аршалы аудандарында және Көкшетау қаласындағы өзендерде мұз кептілісі болуы мүмкін учаскелерде мұз жару жұмысы жүргізілді, деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметінше, көктем айларында өзен суының қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету үшін мұз кептелісі орын алатын учаскелер таңдалды.
Оның ішінде Көкшетау қаласында – Қылшақты, Сандықтау ауданында – Жабай өзендерінде жүргізілді.
«Жарылыс орындары кездейсоқ таңдалмаған. Мұнда жылдан жылға тасқын сулардың өтуі кезінде қиын жағдайлар – жағалаулардың су басуына әкеп соқтыруы мүмкін мұз кептелісі туындайды. Бұған жол бермеу үшін құтқарушылар мұзды алдын ала ұнтақтайды», – деді ведомстводан.
ТЖД қызметкерлері атап өткендей, жарылғыш заттарды қою құпия процесс, біреуіне шамамен бес минут уақыт кетеді. Қалай болғанда да, қауіпсіздік мақсатында жұмыс орнына бөгде адамдар жіберілмейді. Мұз жару жұмыстары жүргізілген аудандардағы өзендердегі мұздың қалыңдығы 70-90 сантиметрді құрайды.
«Облыс бойынша мұзды қопсыту және жару жұмыстары жоспарланған 10 өңірдің ішінде Көкшетау қаласында, Сандықтау, Ерейментау, Аршалы аудандарында барлығы 2360 шаршы метр мұз жарылды» деп толықтырды ведомстводан.