spot_img
Жұма, Наурыз 20, 2026
0 C
Kokshetau

Аяжан Еділованы өлтірді деген күдікке ілінген азамат ауруханадан шықты

Сондай-ақ...оқыңыз

Алматыда 19 жастағы Аяжан Еділованы өлтірді деген күдікке ілінген 28 жастағы азамат ауруханадан шықты. Бұл туралы ақпаратты Azattyq Rýhy тілшісіне Алматы қалалық прокуратурасының баспасөз хатшысы Кенесары Бағбанұлы растады.

Естеріңізге сала кетейік, 26 наурызда Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі 19 жастағы қызды айуандықпен өлтірген қанды оқиға жайлы баяндады. Күдікті қылмыстың ізін жасыру үшін қыздың денесін қаланың әр ауданындағы қоқыс контейнерлеріне апарып тастаған. Ұсталған азамат жедел іздестіру тобына бұл мәлметтерді өзі айтып берген. Содан кейін күдікті Алматы қалалық №7 клиникалық ауруханасына жатқызылды. Ол осы оқиғадан кейін өзіне қол жұмсамақ болған.

Алматы прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, күдікті ауруханадан шығарылып, ПД жанындағы уақытша ұстау изоляторына 2 айға қамауға алынды.

Күдікті – Түркістан облысының тумасы, бұрын сотталмаған.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Салық реформасы мен цифрлы қызметтер: Қаржы министрлігі бизнеспен және халықпен диалогты күшейтіп келеді

Қазақстанның Қаржы министрлігі жаңа Салық кодексін енгізу мен басқару ісін цифрлы экожүйенің аясында дамыту бағытындағы кешенді жұмысты жалғастырып жатыр....
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика