spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Қазгидромет: Наурыздың 30-ы күнгі ауа райы болжамы

Сондай-ақ...оқыңыз

«Қазгидромет» РМК-сы наурыздың 30-на арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, Қазақстан арқылы әлі де атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде күн құбылмалы болады. Кей жерлерде жауын және жаңбыр аралас қар жауады.

Тек еліміздің батысы ғана жоғарғы атмосфералық қысым аумағында болғандықтан бұл өңірде жауын-шашын болмайды. Республиканың кей жерлеріне тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейеді, солтүстікте желмен қатар жаяу бұрқасын болады.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, түнде және таңертең жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, жаяу бұрқасын болады. Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с жылдамдықпен еседі, Жамбыл облысында көктайғақ болады. Алматы, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлеріне тұман түсіп, көктайғақ болады.

Павлодар облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, түнде кей жерлерде жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінің кей жерлерінде тұман түсіп, түнде Қызылордла облысында көктайғақ болуы ықтимал.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img