spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Көкшенің жұлдызы: Композитор Руслан Богданов өмірден озды

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгін көп жылдарға созылған ауыр науқастан көкшетаулық талантты музыкант әрі композитор Руслан Богданов өмірден озды. Оның студент шағындағы бірге оқыған досы, әрі әріптесі Бақытбек Сейдахметов бірге оқыған жылдарындағы естеліктермен бөлісті,-деп хабарлайды «Aqmola News» ақпарат агенттігі.

Өнер иесі жақында ғана 54 жасқа толған еді. Көкшетаулықтардың көпшілігі музыканттың ауыр науқаспен күресіп жүргенін де білетін еді.

Мен Русланмен 1991 жылы Біржан сал атындағы колледжде бірге оқыдым. Ол орыс ұлттық аспаптар бөлімін таңдаса, мен қазақ ұлттық аспаптар факультетінде білім алдым. Руслан үнемі музыкамен «ауырды». Көп уақытын нотамен жұмыс істеуге, әуен тудыруға арнайтын. Оның бейнесі көз алдымда жарқыраған, көңілді қалпында сақталып қалды. Ол достарының арасында әзілдескенді ұнататын. Юмор да Русланға жат емес еді,-деп еске алады Зеренді ауданы балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының жетекшісі Бақытбек Сейдахметов.

Оның айтуынша Руслан Богданов дарынды музыкант ретінде көпшілікке танылған.

Оның көптеген авторлық туындылары бар. Русланды айтулы іс-шаралар мен концерттерден қаланың әрбір тұрғыны көрген шығар деп ойлаймын. Ол өзі де ән айтатын. Бұрындары жеке шығармашылық кештері де өткізілді. Оқу бітіргенімізге 25 жылдан асып кетіпті. Бірге тускен суреттерді де сақтамаппыз, әттең…-деді Бақытбек Сейдахметов.

Белгілі болғандай, талантты композитордың ауыр науқасқа шалдыққаны оның жақындарына ғана емес, барлық өнерін бағалаушыларға да ауыр тиген.

Русланның мұндай диагнозының бар екенін 3-4 жылдан бері білемін. Біз Көкшетау өнерпаздары оның еміне кететін қаражат үшін қайырымдылық концерттерін де ұйымдастырдық. Жігіттер қолдарынан келгенше көмектесті. Мен өз атымнан және барлық өнер шығармашылық ұжымдарының атынан оның жақындарына қайғырып көңіл айтамын,-деді Бақытбек Сейдахметов.

Руслланның әріптестері оның үнемі жарқырап жүретіндігі үшін ол бізге «жарық күн» іспетті дейді. Облыстық мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Сабитова да Богдановтың мезігілсіз қазасы ақмолалық өнерпаздар үшін ауыр соққы болғанын айтады.

Оның жарқын бейнесін барлық көкшелік зиялы қауым еске алып жатыр. Әрбір кездескен сайын жарқылдап қал сұрасатын.Руслан жақсы дос, керемет әріптес, тамаша әке бола білді. Бүкіл Көкше жұртшылығы қайғыруда десем артық айтпас едім. Оның артында өнер айдынына қосқан шығармалары, туындылары қалды. Ол бұл қаланы жанындай сүйді,-деп бөлісті Сабитова.

Айта кетсек, Руслан Богданов 1967 жылы 13 ақпанда дүниеге келді. Біржан сал атындығы музыка колледжі мен Омск мемлекеттік академиясын тәмамдаған. Көп жылдар бойы Көкшетау қаласы мәдениет сарайында және Шоқан Уәлиханов атындағы мемлекеттік университетінде ұстаздық қызметін атқарған.

Әріптестерінің айтуынша, өмірінің соңғы уақыттарында мектепішілік «Әулет» орталығында жұмыс істеген.

«Aqmola News» ақпарат агенттігінің радакция ұжымы Руслан Богдановтың туыстары мен жақындарына көңіл айтады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img