spot_img
Сәрсенбі, Сәуір 9, 2025
8.1 C
Kokshetau

Зеренді ауданында туристерге арналған визит орталығы ашылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы Зеренді ауданында визит орталық өз жұмысын бастады. Орталықтың директоры Күшбай Бұқанов мекеменің жұмысы туралы баяндады,-деп хабарлайды «Aqmola News» ақпарат агенттігі. 

Оның айтуынша орталық аймақтың туризм саласын дамыту мақсатында іске қосылды. Орталық Көкшетау ұлттық табиғи паркі мекемесінің жанынан құрылды.

Зеренді аумағы туристер қызығатын көрікті орындарымен ерекшеленетінін барлықтарыңыз білесіздер. Бұл жерге келген кез келген демалушылар өңірдегі барлық туристік нысандар мен демалыс орындары туралы ақпарат ала алады. Оларға осы жерде маршурт карталары мен брошюралар таратылады,-дейді Күшбай Бұқанов.

Туристерге кеңес беру орталығы мемлекеттік мекеме болып табылады. Құрылыс нысанында екі зал мен демалыс бөлмелері орналасқан.

Залдарда жануарлар әлемінің экспонаттары, аңдардың макеттері орын тепкен. Сонымен қатар Зеренді аумағында кездесетін әртүрлі гүлдер мен ерекше емдік шөптердің үлгілері қатырылып қойылған.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда 70-тен астам студент «Хабардар бол!» акциясын қолдады.

Дүниежүзілік денсаулық күнінде Ақмола облыстық АИТВ-ның алдын алу орталығының мамандары Көкшетау қаласында «Арна» жоғары колледжінің студенттерімен «Хабардар бол!» ұранымен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img