Бүгін Көкшетауда «Достық үйінде» ұлттық үлгіде «Этно-Fashion» облыстық сән көрсетілімі өткізілді. Өңірдің барлық аудандары қатысқан айтулы додада шортандылық команда жүлделі I орын тұғырынан көрінді,-деп хабарлайды «Aqmola News» ақпарат агенттігі.
Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ
Ұлттық киімді насихаттау мақсатында бұл шараны ел тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында облыстық ішкі саясат басқармасы ұйымдастырды.
Байқау төрт кезеңнен тұрды, оған облыстың барлық аудандарының өкілдері қатысты. Қатысушылар әйелдер мен ерлердің ұлттық киімдерінде подиумға шықты
Додаға шортандылықтар үш образдағы көрсетілімдермен шықты:
«Ерке Назым» образын Інжумаржан Қуанышбайқызы ұсынса, «Ару-Ғұмыр» образын кәсіпкерлік бөлімінің маманы Әділхан Олжабай мен Айым Айкенова көрсетті. Ал, » Кербез-Керім» образын Шортанды ауданы мәслихатының депутаты Нұргүл Жұмкейқызы дайындады.
Қазылар алқасының шешімімен Шортанды ауданының командасы бірінші орынға ие болды.
Барлық қатысушылар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.