spot_img
Сенбі, Мамыр 24, 2025
8.7 C
Kokshetau

Қызылорда облысында балалар үйінің тәрбиеленушісі 4 күннен бері іздестіріліп жатыр

Сондай-ақ...оқыңыз

Қызылорда қаласындағы отбасы үлгісіндегі «Атамекен» балалар ауылынан кетіп қалған қыз 4 күннен бері әлі табылмай жатыр. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

2004 жылы 27 тамызда туған Ділдә Мұсабекқызы Нұғманова (құжат бойынша – Нугманова Ділда Мусабековна) 25 наурыз күні түнгі 02:00 шамасында балалар үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.

Белгілері: бойы 175 см, шашы қара түсті иығынан түскен, кекілі сары түске боялған.

Үстінде қара түсті куртка, көк түсті джинсы шалбар, ақ түсті спорттық үлгідегі аяқ киім.

Жасөспірім туралы қандай да бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет білген жағдайда төменде көрсетілген телефон нөмірлеріне хабар берулеріңізді сұраймыз. Тел: 8 (7242)-29-70-10, 8 (7242)-29-75-20, 8 (7242)-29-75-02, 8-705-255-81-25.

Еске сала кетейік, 27 наурызда Қызылорда қаласындағы отбасы үлгісіндегі «Атамекен балалар ауылы» үйінде тәрбиеленіп жатқан үш жасөспірім қыздың іздестіріліп жатқаны хабарланды. Хабарсыз кеткен үш жасөспірім қыздың екеуі Алматы қаласынан табылса, үшіншісі әлі табылған жоқ.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Еңбегімен ел мерейіне бөленген ұстаз

Нұрия Жаңабаева Көкшетау қаласы №6 мектеп-лицейінде 1992 жылдан бастап қызмет атқарып келеді. Ол отыз алты жыл бойы ұстаздықтың қыр-сырын...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика