Ақмола облысы ПД бастығы генерал-майор Арманбек Баймурзин жұмыс сапары барысында Біржан сал ауданының Макинка кенті мен Үлгі ауылында азаматтарды жеке қабылдады,-деп хабарлайды «Aqmola News»ақпарат агенттігі.
Жеке қабылдау барысында Үлгі ауылының тұрғындары 7 жылдан астам уақыт осы ауылдың учаскелік инспекторы ретінде қызмет еткен Біржан сал ауданының ПБ ЖПҚБ бастығы Самат Абдрахманов туралы жылы лебіздерін білдірді.
Сондай-ақ, ауыл тұрғындары карантиндік шектеулердің аяқталу уақытына қызығушылық танытты. Макинка кентінің тұрғындарымен әңгімелесу барысында Департамент басшысы коронавирус бойынша қазіргі эпидемиологиялық жағдай туралы түсіндіріп, тұрғындарды шыдамдылық пен түсіністік танытуға шақырды.
Сонымен қатар азаматтарды бейнебақылау камераларын орнату және қаңғыбас иттерді аулау мәселелері толғандырды. Осы күні ағымдғы жылдың екі айындағы аудандық полиция бөлімі жұмысының қорытындысы бойынша жедел кеңес өткізілді, кеңесте Департамент бастығы қылмыстық процестің үш буынды моделін іске асыруға, күнделікті қызметте қылмыс картасын пайдалануға ерекше назар аударды.
Департамент басшысы қатысушыларға учаскелік полиция инспекторларының құқықтары мен өкілеттіктерін кеңейту туралы ақпаратты жеткізді. Генерал-майор Арманбек Баймурзин тергеулердің сапасын, қызмет көрсету сапасын және азаматтардың өтініштеріне тиісті қарауды, өтініш берушілердің мәселелері бойынша шаралардың уақтылы қабылдануын атап өтті.
Кеңес соңында жедел-қызметтік жұмыстағы жоғары көрсеткіштері үшін ерекше көзге түскен қызметкерлер, сондай-ақ аудан еріктілері алғыс хаттармен марапатталды.
https://www.instagram.com/p/CM_8w96lf5Z/