spot_img
Жұма, Қаңтар 30, 2026
-9.5 C
Kokshetau

«Адалдық сағатында» Қазыбек бидің әділдік, парасаттылық қағидаттары насихатталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кезекті «Адалдық сағатына» әділдік, парасаттылық қағидаттары және дала данышпаны, Қазақ хандығының көрнекті саяси қайраткері Қазыбек бидің дана сөздері арқау болды,-деп хабарлайды «Aqmola News» ақпарат агенттігі. 

Іс-шара 20 наурыз бен 31 наурыз аралығында жалпы республикалық адалдық сағаты акциясы аясында ұйымдастырылды.

Қаз дауысты Қазыбек би – қазақ халқының XVII – XVIII ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақстан тарихында өзіндік орны бар тұлға. Қазыбек бидің өмірі жанкешті істер мен батыл шешімдерге толы болды. Ол реформатор, шешен, дипломат-бітімгер.

Парақорлық пен әділетсіздікті – қазақтың түбіне жететін ауыр дерт. Оны тек таза ниет пен адал істермен жеңуге болады, деді ол.
Қазыбек би үшін адамгершілік, ең жоғарғы адами құндылық ретінде бірінші орында тұрды.

«Өркенім өссін десең, кекшіл болма –кесапаты тиер еліңе.

Елім өссін десең, өршіл болма – өскеніңді өшірерсің»,

«Ашу – дұшпан, ақыл – дос, ақылыңа ақыл қос» деп, әр қабылданар шешім мен істің тек бір адамның ғана емес, тұтастай елдің тағдырына әсер ететінін жеткізген.

Қазыбек би бір оқ атпай, артық қантөгіссіз ең күрделі мәселелерді шеше алған.

Ең мықты хандар мен қасарысқан жаулар да оның сөзіне құлақ асқан, өйткені Қазыбек би оларды сөзі мен даналығымен таң қалдырған. Оларды жүректеріне жеткізіп айта білген.

Ол сондай-ақ бытыраңқы қазақ руларын біріктіріп, бейбітшілік пен келісімге шақырды. Өзінен кейін халқы өмір сүрген әділ заңдар қалдырды.

Тапқырлық, шешендік, шыншылдық – адалдық сабағында қозғалған Қазыбек бидің үш қасиеті.

Бейне-дәріске сілтеме:

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында мемлекеттік рәміздерге қатысты заң талаптары түсіндірілді

Облыста мемлекеттік рәміздерді пайдалану тәртібіне арналған семинар өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Әнұранына...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика