spot_img
Жұма, Қараша 21, 2025
2.6 C
Kokshetau

25 наурызда еліміздің басым бөлігінде тұман күтіледі

Сондай-ақ...оқыңыз

25 наурыз күні республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде жауын-шашын жауады, батыста жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын күтіледі. Жекелеген аумақтарда тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, солтүстік-батыста, орталықта жаяу бұрқасын, оңтүстікте, оңтүстік-батыста найзағай болжанады,-деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Атап айтқанда, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман, найзағай, 15-20 м/с екпіндегі жел күтіледі.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, 15-20 м/с жылдамдықта жел болжанады.

Атырау облысының түнде басым бөлігінде желдің екпіні 23 м/с, күндіз 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерде көктайғақ болады.

Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, 15-20 м/с екпінде жел болады. Қостанай облысында сондай-ақ жаяу бұрқасынмен күтіледі.

Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, 15-20 м/с жылдамдықта жел болжанады.

Жамбыл, Алматы областарында желдің екпіні 23-28 м/с артады.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, күндіз – көктайғақ, жаяу бұрқасын, 15-20 м/с жылдамдықта жел күтіледі.

Түркістан облысының кей жерлерінде желдің күші күндіз 25 м/с артуы ықтимал, найзағай күтіледі.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында да қаржылық пирамидалардың құрбандары жыл сайын артып келеді

Мұндай алаяқтық схемалар азаматтардың сенімін пайдаланып, жылдам табысқа құмарлығын, экономикалық қысымды қолданады. Бұл туралы сұхбат барысында Ақмола облысы бойынша...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика