Ақмола облысында есірткі саудасымен айланысқан күдіктілерден 1,5 келі есірткі тәркіленді. Бұл – ақшамен есептегенде 24 миллион теңге. Бұл туралы Ақмола облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мейрам Жабасов айтты, деп хабарлайды «Aqmola News»ақпарат агенттігі.
Ақмола облысының тұрғыны, 37 жастағы ер адам және Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны – 58 жастағы әйел ұсталды.
Олардан 1 килограмм 400 грамм «героин» тәркіленді. Бұл – бір реттік бес мың доза.
«Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3 бөлігі бойынша (есірткі затын заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау, өткізу мақсатында алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған) қылмыстық іс қозғалды», – деді Мейрам Жабасов.
Күдіктілер мүлкін тәркілеумен бірге 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Қазіргі кезде күдіктілер уақытша ұстау оқшаулағышына қамалған.