spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Көкшетауда Назарбаев мектебінің оқушылары қоқыс жинайтын робот жасап шықты

Сондай-ақ...оқыңыз

Наурыз мейрамы қарсаңында Назарбаев интелектуалдық зияткерлік мектептерінде «Ғаламшар және пластик: әрбір адамның экомәдениеті» тақырыбында кездесуер өткізілуде. Ғаламдағы экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған шара кезінде көкшетаулық бір топ оқушылар қоқыс жинап тазартатын робот құрастырып шығарды, деп хабарлайды «Aqmola News».

Шараның алғашқы күнінде қатысушылардың алдында табиғи су қоймаларын қоқыстан тазартатын пластикалық құтылардан өңделген робот жұмысы назарға ұсынылды. Бұдан кейін қатысушы балаларға роботтарды құрастыру бойынша вебинар өткізіліп, оның қорытындысы бойынша балалар робот бөлшектерін, 3D үлгілер жасады. Ал соңғы кзеңде роботтар толықтай құрастырылуы тиіс болды.

            «Наурызға арнайы өткізілген бұл кездесулерде 9-10 сынып оқушылары қатысып отыр. Олардың әрбірі тапсырмаларды барынша ыждаһаттылықпен орындауда. Бүгін роботтың қосалқы бөлшектерін құрастырды. Енді алдағы күндері толық қалай жасағанын көреміз», – дейді Көкшетау қаласы Назарбаев зияткерлік мектебі информатика пәнінің мұғалімі Анар Сәду.

Оқушылар да экологиялық мәселелерге қатысты өткен шараның маңыздылығын, мол тәжірибе жинақтағанын атап өтті.

            «Маған өз ісінің шебер мамандарының дәрістерін тыңдап, оларға сұрақтарымызды қоюға мүмкіндік алғанымыз ұнады. Сондай-ақ біз болашақта өз жобаларымызды жүзеге асыру үшін қолдануға болатын қажетті дағдыларды меңгердік. Мен сонымен бірге экологияның өте өзекті әрі күрделі мәселе екенін түсіндім. Мұнымен біз қазірден бастап айналыспақпыз», – дейді Көкшетау қалалық Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Абылайхан Мұхамеджанов.

Х наурыз кездесуінің екінші күні қатысушылар «Биопластиктерді қолдану. Өсімдіктердің қалдықтарын өңдеу» ғылыми жобасы бойынша өз еңбектерін көрсетті. Бұл күні Қаныш Сәтпаев атындағы университеттің PhD-маманы Азамат Ешмухаметов «Эко робот» тақырыбында тренинг өткізді.

Шараның шешуші әрі жауапты кезеңінде оқушылар қоқыс жинайтын роботты жасап шығуы шараға қатысушыларының бәріне ерекше әсер қалдырды.

            «Біз өзіміз үшін мүлде беймәлім тың жаңалықтарды игердік. Алдағы уақытта жаңадан құрастырған қоқыс жинайтын бұл роботымызды одан әрі жетілдіруді көздеп отырмыз. Шара барысында біздің ойымызға өте қызықты жаңа идеялар келді», – дейді мектеп оқушылары.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img