spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-3.8 C
Kokshetau

Жыл басынан бері бюджет қаражатын жымқыру бойынша 125 қылмыстық іс қозғалды

Сондай-ақ...оқыңыз

Қасым-Жомарт Тоқаевқа көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылдарды күшейту жөнінде берген тапсырмаларының орындалу барысы туралы есеп берілді.

Жанат Элимановтың айтуынша, жыл басынан бері сегіз ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілген, оның екеуі трансұлттық топ. Сондай-ақ ол бюджет қаржысын жымқыру деректері бойынша 14 миллиард теңге көлемінде шығын келтірген 125 қылмыстық іс қозғалғанын жеткізді.

Президентке Агенттіктің қаржы пирамидаларының жолын кесу бағытында атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндалды. Ведомство басшысының айтуынша, бүгінгі таңда күмәнді іс-әрекеттер бойынша 21 материал құқық қорғау органдарына жолданған.

Бұдан бөлек Мемлекет басшысына кәсіпкерлердің қылмыстық қудалауға түсуіне  жол бермеу үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде мәлімет берілді. Жанат Элиманов 2020 жылдың қорытындысы бойынша өткен жылдармен салыстырғанда тіркелген экономикалық қылмыстардың саны алты есеге азайғанын айтты. Қылмыстық істерді тексеру бойынша кәсіпкерлерді тергеуге шақырулардың саны екі есеге, ал тергеп-тексеру мерзімі 40 пайызға қысқарған.

Қасым-Жомарт Тоқаев бизнесін адал жүргізіп отырған кәсіпкерлердің қылмыстық қудалауға түсуіне жол бермеу жөнінде жүйелі шаралар қабылдау қажеттігіне назар аударды.

Кездесу соңында Президент Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасына бірқатар нақты тапсырма берді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img