spot_img
Сәрсенбі, Қаңтар 14, 2026
-32.1 C
Kokshetau

Атбасарда сотталған-студенттер Наурыз көже пісірді

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының Атбасар ауданында сотталған студенттер Наурыз көже мен бауырсақ пісірді.  Мерекелік дастархан әзірлеген сотталушы аспаз студенттер осылайша қазақстандықтарды мерекемен құттықтады, деп хабарлайды «Aqmola News».

Болашақ аспаз студенттер кезінде ойнақтап жүріп от басқан қателіктері үшін қазір жазасын түзету колониясында өтеуде. Дегенмен, олар барынша қауіпсіздікпен қамтамасыз етілген қылмыстық атқару жүйесінің ЕЦ166/4 түзету мекемесінің жанындағы кәсіби колледжде білім алуда.

«Қазақ халқы ежелден өзінің қонақжайлығымен танымал. Мерекеге орай мерекелік үстелдер ұлттық тамақтарға толды.  Өндірістік оқыту шебері Светлана Маметбақованың басшылығымен «қылмыскер-студенттер» ет асып, тәтті чак-чак, бауырсақ және жент сияқты тамақтар әзірледі», – дейді Ақмола облысы қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз хатшысы Ирина Горнова.

Сотталған студенттер мен колледж ұжымы барша қазақстандықтарды алдағы Наурыз мейрамымен құттықтап, денсаулық және молшылық тіледі.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Мәжіліс депутаттары Көкшетаудағы аутизммен ауыратын балаларды қолдау орталығының жұмысымен танысты

12 қаңтар, Көкшетау. Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Айна Мысырәлімова, Наталья Дементьева және Юлия Кучинская Көкшетау қаласындағы аутизммен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика