spot_img
Сәрсенбі, Қаңтар 14, 2026
-32.1 C
Kokshetau

Елбасы «Абай Арена» ұлы ақынның атында қалуға тиіс деп есептейді

Сондай-ақ...оқыңыз

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Семейдегі стадион қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың атында қалуға тиіс деп есептейді. Бұл жайында Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай хабарлады.

«Әлеуметтік желілер мен БАҚ-та ШҚО белсенділерінің «Абай арена» стадионының атауын өзгерту туралы ұсынысы талқылануда. Елбасы әрдайым өзіне қатысты мұндай «құрмет-қошеметке» қарсы. Н.Назарбаевтың пікірінше, стадион қазақтың ұлы ақыны әрі философының атында қалуға тиіс», – деп жазды ол.

Еске сала кетейік, Семей қалалық мәслихатында зиялы қауым өкілдері, атақты спортшылар, еңбек сіңірген қайраткерлер, ардагерлер, ҮЕҰ, БАҚ өкілдері, еріктілер қозғалысының белсенділері, жастар мен ірі кәсіпорындар жетекшілерінен құралған бастамашыл топтың хаты қаралды. Ол хатта Қарағайлы ықшам ауданындағы атаусыз көшеге Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беру және осындағы мәдени-спорт кешенін «Елбасы Арена» деп атау ұсынылған.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Мәжіліс депутаттары Көкшетаудағы аутизммен ауыратын балаларды қолдау орталығының жұмысымен танысты

12 қаңтар, Көкшетау. Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Айна Мысырәлімова, Наталья Дементьева және Юлия Кучинская Көкшетау қаласындағы аутизммен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика