Ақмолада кезінде ауыр қылмыс жасап темір торда сегіз жыл бойы жазасын өтеп жүрген адамның жүргізуші куәлігі қайта беріліп, жұмысқа қабылданды, деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облысының қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өз өмірінің ең жастық дәуренін абақтыда өткізген Алексей өткеніне өкінішпен қарайды. Барлығы қас-қағым сәтте көз алдынан өткен. Барлығы кино сияқты бірінен соң бірі болған. Достармен кездесу, арақ-шарап, көңілді отырыс, төбелес, сот одан әрі темір тор… Үйде ең қымбат жандары анасы мен қызы қалған.
Түзету мекемесіне түскен Алексей болған жағдайға болаттай берік болып, өзін жақсы қырынан көрсетуге тырысады. Ол өзінің бостандыққа тезірек шығуы үшін барынша ұмтылғаны жөн деп санайды. Арнайы білімі мен автослесарь ретінде жұмыс тәжірибесі бар Алексей бірден мекемеде жұмыс табады. Сөйтіп колонияның автошеберханасына орналасады. Арада екі ай ішінде ол алған жалақысынан үйіне де көмекке қаражат жіберетін болды. Жазасын өтеу мерзімінің негізгі мерзімі өткеннен кейін Алексей сот шешімімен колониялы қонысқа жіберілді. Қаланың жеке кәсіпкерлерінің бірінде жұмыс істеген ол құрылыс және жөндеу жұмыстарымен айналысады.
«Ешқандай ауыр жұмыстардан қашпадым. Өмірімде түрлі істермен шұғылдануға тура келді. Өзім құр бос отыра алмаймын», – дейді Алексей.
Мұнда да автослесарлық дағдыларының арқасында қызметтік автокөліктерді жөндеуге көмегі тиеді.
Алексейдің барлық мінездемелерін қарастырған түзету мекемесінің басшылығы оның жүргізуші куәлігін қайта алып, колонияның УАЗ автокөлігінің жүргізушісі қызметіне орналастыруға шешім қабылдайды.
Бүгінде Алексей қызметтік автокөлікте медицина қызметкерлері және сотталушылармен бірге емдеу мекемелеріне, пошта бөліміне басқа да сәлемдемелерді жеткізіп отырған.