spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

«Вакцинация міндетті түрде қажет»: Алексей Цой мереке қарсаңында халыққа үндеу жасады

Сондай-ақ...оқыңыз

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мерекелік демалыс күндері қарсаңында Қазақстан халқына үндеу жасады. Министрдің айтуынша, күз бен көктемде жіті респираторлық вирустық инфекция (риновирус, аденовирус, парагрипп вирус және басқалары) асқынады. Қазір ЖРВИ маусымы жалғасып жатыр, сондықтан сырқаттану қаупі сейілген жоқ.

Қыркүйек пен қаңтар аралығында елімізде таралған КВИ вирусын геномдық зерттеу нәтижесі бойынша коронавирустың («Британдық», «Оңтүстік Африка», «Бразилиялық») жаңа штамы анықталған жоқ.

«Алайда, халықаралық әуе қатынасы қайта ашылғанын, шетелге шығатын ел азаматтары (еңбек көші-қоны, оқыту, емдеу, туризм), сондай-ақ жақын және алыс шетелдерден келгендердің қатары көбейгенін ескерген жөн. Яғни, коронавирус инфекциясының жаңа штамын тасымалдау қаупі де артады деген сөз.

Әлеуметтік-экономикалық нысандардағы шектеу шараларының жеңілдетілуі, халықтың белсенділігі (әлеуметтік арақашықтық, маска тағу режимі және т.б. сақталмайды) коронавирус инфекциясының таралу қаупін үдетуі мүмкін», – деп жазды министр.

Алексей Цой америкалық және ресейлік ғалымдардың ғылыми зерттеулерін дәйек етіп, коронавирус инфекциясымен ауыратындардың тек 10-15 пайызында тұрақты иммунитет қалыптасқанын жеткізді.

«COVID-19 жұқтырған науқастарда иммунитет пациенттің жасына қарай қалыптасады: иммунитет балаларда жақсы дамиды –  кәмелетке толмағандар арасында иммунитет  шамамен 20% болады. 18-ден асқан адамдарда – 14%, 65 жастан асқандарда – 11%. 40%-да иммунитет өте әлсіз және инфекция қайталанғанда көмектесе алмайды.

Иммунитеттің сақталу ұзақтығына қатысты ғылыми дәлелденген дерек жоқ, сондықтан Covid-19-дан сауыққан адамдарда ауруды қайта жұқтыру мүмкіндігі күн сайын артып келеді. Айта кету керек, карантинге коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация ғана балама бола алады», – деп тоқталды министр.

2021 жылдың 1 ақпанынан елімізде КВИ-ге қарсы «Спутник V» екпесімен вакцинация басталды. Вакцинация кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.

Бірінші кезекте, коронавирус инфекциясын жұқтыру және тарату қаупі жоғары азаматтар (медицина қызметкерлері, педагогтар, күш құрылымдарының қызметкерлері) екпе салдырады.

Сәуір айынан халықтың осал топтарын (созылмалы аурулары бар адамдар, 65 жастан асқандар және халықтың басқа да топтары) вакцинациялау жоспарлануда.

«Егер халық жаппай КВИ-ге қарсы профилактикалық екпе салдырса, ұжымдық иммунитет қалыптасады және инфекцияның таралуын тоқтатуға мүмкіндік туады. Құрметті қазақстандықтар, коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупі әлі де жоғары! Өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығын қорғау үшін мынадай сақтық шараларын сақтауды сұраймын», – дген министр халыққа үндеуінде бірнеше маңызды ескерту жасады.

адам көп жиналатын орындарға бармау;

ұжымдық іс-шара, мерейтой, корпоративтік жиын жасамау;

ағзаға суық тигізіп алмауға тырысу;

өзгелерге қауіп төндірмеу үшін жақын адамдармен алыстан араласу және мейлінше заманауи байланыс құралдарымен хабарласу.

«Пандемия әлі де жалғасуда, вирус жеңілген жоқ, сондықтан әр адам жағдайға барынша жауапкершілікпен қарау керек. Өзгелерге ауру жұқтырмаудың жолын іздеген дұрыс, маска киіп, әлеуметтік арақашықтық және гигиена талаптарын сақтауға шақырамын. Әрине, міндетті түрде вакцинация да қажет», – деді министр.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img