spot_img
Жұма, Мамыр 23, 2025
13.9 C
Kokshetau

Елімізде бүгін тұрақсыз ауа райы сақталады

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады. Республиканың солтүстік бөлігінде қар, оңтүстігінде қар аралас жаңбыр жауады.

Тек республиканың батысында антициклон жотасының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, жел күшеюі, оңтүстігінде күндіз найзағай күтіледі.

Түркістан облысында күндіз желдің күшеюі 15-20, кей жерлерінде екпіні 23-28 м/с, таулы аудандарда 30 м/с және одан жоғары болады. Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел 17-22 м/с күшейеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, түнде Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с күтіледі. Қарағанды ​​ облысының кей жерлерінде тұман, түнде бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының кей жерлерінде – түнде тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан, Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

 

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетаулық оқушы биология пәні бойынша халықаралық олимпиадада күміс жүлде жеңіп алып, Қазақстан құрамасының жеңісіне үлес қосты

Көкшетау қаласының №8 орта мектептің 10-сынып оқушысы Егор Менгулов Сочи қаласында (Ресей) 2025 жылғы 10–17 мамыр аралығында өткен биология...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика