spot_img
Дүйсенбі, Қазан 6, 2025
10.2 C
Kokshetau

Жол бермегені үшін пышақ салған: Ақмолада екі адам ауруханаға түсті

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмолалық полицейлер екі бірдей адамға пышақ жарақатын салған жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды «Aqmola News».
Жол үстінде келе жатқан екі бірдей ауыл адамдарына адамға пышақ ала жүгіріп, жарақаттаған адам Солтүстік Қазақстан облысының 24 жастағы тұрғыны болып шықты.

«Оқыс оқиға 9 наурызда Зеренді ауданының Гранитный ауылының тұсындағы автожолда түнгі уақытта болған. Қар құрсаулаған жолдың бір ғана көлік сиятын аршылған тұсында жүргізушілердің екеуі де бір-біріне жол бергісі келмеген. Өзара дауласып қалған жүргізушілердің жанжалы төбелеске ұласқан. Ақыры пышақ жарақатымен тынды. Пышақ салынған екі адам түрлі дейгейдегі жарақатпен ауруханаға жеткізілді, – дейді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.

Қазір аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 106 «Денсаулыққа қасақана ауыр залал келтіру» бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті адамды қамауға алу туралы процесуалды шешім қабылданған.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Құрметті қала және аудан тұрғындары!

«Қарызсыз қоғам» әлеуметтік жобасы аясында қаржылық қиындыққа тап болған азаматтарға тегін ақпараттық және құқықтық қолдау көрсетілуде. Егер сіз: ✔️ 90 күннен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика