spot_img
Жұма, Маусым 6, 2025
23.2 C
Kokshetau

«Қазақалтын» шотынан 1,5 млрд теңге ұрлаған күдіктілер ұсталды

Сондай-ақ...оқыңыз

«Қазақалтын» тау-кен металлургия комбинаты» АҚ шотынан 1,5 миллиард теңге ұрлаған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Департамент мәліметінше, биылғы 23 ақпанда «Қазақалтын» ТКМК» АҚ өкілдері компанияның шотынан 1 миллиард 533 миллион теңге ұрлау фактісі бойынша полицияға жүгінді. Аталған қылмысты ашу үшін криминалдық полиция және тергеу бөлімшелерінің тәжірибелі қызметкерлерінен арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. ҚР ҚК-нің 189-бабының 4-бөлігі «аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оның санкциясы 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

«Жедел-іздестіру шаралары барысында ағымдағы жылғы 26 ақпанда полиция қызметкерлері Нұр-Сұлтан қаласында екі күдіктіні ұстады. Оның бірі 37 жастағы қаржы бөлімінің қызметкері болса, екіншісі оның 38 жастағы азаматтық некедегі күйеуі. Күдіктілерге қатысты сот «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады», – деді ведомстводан. Тергеу органы тергеу шеңберінде залалды өтеуді қамтамасыз ету шараларын қабылдайды. «Тергеу мүддесіне орай басқа ақпарат жарияланбайды», – деп толықтырды ведомстводан.

Айта кетейік, жақында «Қазақалтын» кенішінен 122 миллион теңгенің алтыны ұрланған болатын.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Бурабай ауданында 1-ші тоқсанда бюджет кірісі 23 млрд теңгеден асты

Бурабай ауданында 2025 жылдың алғашқы бес айындағы ауданның негізгі даму бағыттары туралы баяндалды. Аудан әкімі өнеркәсіп, агросектор, туризм және...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика