1 наурыздағы жағдай бойынша, жыл басынан бері 2 407 адам тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды. Жалпы, 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 73 мыңға жуық этникалық қазақ оралды.
Биыл жыл басынан бері Қазақстанға келген қандастардың жартысынан астамы Өзбекстаннан (72,9%), ҚХР-дан (15%), Түркіменстаннан (4,6%), Моңғолиядан (3,5%) және қалған 4%-ы басқа елдерден келген.
Отанына оралған этникалық қазақтар негізінен Алматы (36,8%), Түркістан (16,4%) және Маңғыстау (10,2%) облыстарына, сондай-ақ Шымкент (12,7%) және Нұр-Сұлтан (5,9%) қалаларына қоныстанды. Олардың арасында 58,4%-ы еңбекке қабілетті жаста болса, 24,3%-ы еңбекке қабілетті жастан кіші. Зейнеткерлер 17,3%-ды құрайды.