spot_img
Жұма, Қазан 18, 2024
0.5 C
Kokshetau

Ақмолада бораннан жүзден астам адам эвакуацияланды

Сондай-ақ...оқыңыз

Екі күннен бері ақтүтек дауылды боран дамылсыз соққан Ақмола облысында екі күннен бері облыстық және республикалық маңызы бар жолдар жабылған. Дегенмен, дауылды ескертуді елең қылмаған облыс тұрғындары жолға шығып кетіп, қалың қар құрсауында қалып қойған, деп хабарлайды «Aqmola News».

Құтқарушылар жергілікті атқарушы органдар және полиция қызметкерлерімен бірлесіп 108 адамды оның ішінде 3 баланы қар құрсауынан құтқарған.

«Эвакуация кезінде Степногорск, сондай-ақ Астрахан, Бурабай, Жарқайың, Ақкөл, Атбасар, Ерейментау және Шортанды аудандарында жылыту бекеттері жұмыс істеді, – деді Ақмола облысның төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.


Құтқарушылар облыс тұрғындарын «112» қызметінен СМС хабарламалар алған жағдайда елдімекендерден тыс жерлерге шықпауды өтінді.

«Боранды дауыл кезінде жол жабық болса да, қауіпті елемей жолға шығып кетіп жатқандар бар. Бұл жол жабылған жерлерде автокөліктердің орасан зор кептелісін туғызады. Сондықтан, қауіптің алдын алу үшін жолға шықпауды сұраймыз», – дейді облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Партияның қоғамдық қабылдауларындағы орталық мемлекеттік орган өкілдерімен өтетін онлайн қабылдау тәжірибесі өз тиімділігін көрсетіп отыр

Ақмола облыстық мәслихаты жанындағы «АМАNАТ» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Умар Шоназаров Республикалық қоғамдық қабылдауда Қазақстан Республикасы Су шаруашылығы және...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img