spot_img
Жексенбі, Шілде 6, 2025
28.2 C
Kokshetau

8 наурыз қарсаңында қандай заттар көп сатылып жатыр?

Сондай-ақ...оқыңыз

Халықаралық әйелдер күнінің қарсаңында AliExpress платформасы сатып алу трендтеріне талдау жасап, қазақстандықтар сыйлық ретінде нені жиі сатып алатынын анықтады.

Басылым мәліметінше, мерекеге бірер апта қалғанда әйелдер киімінің сатылымы едәуір өскен. Әйелдер жейдесіне жасалған тапсырыстың саны қаңтармен салыстырғанда ақпан айында алты есеге өскен. Ал бешпеттер мен свитерлердің сатылымы үш есеге өскен. Платформада ең көп сатып алынған киімдер қатарында көйлектердің әртүрлі үлгілері бар.

«Сұлулық және денсаулық» категориясындағы тауарлар 8 наурыз қарсаңындағы сыйлықтар тобына кірген. Опа-далап жағуға және кірпік өсіруге арналған жиынтықтардың саны сегіз есе өскен. Тері күтімі бойынша берілген тапсырыстың саны бес есе, себезгіге арналған гель, ваннаға арналған көпіршік және сабын сияқты гигиеналық заттар саны екі жарым есе, бетке арналған бояну заттарының сатылымы бір жарым есе есе артқан.

Сонымен қатар 8 наурыз қарсаңында интернет дүкеннен сатып алу жағынан асүйлік комбайндар үлкен сұранысқа ие болған. Оларға деген сұраныстың қаңтар айымен салыстырғанда 6,8 есеге өскені белгілі болды. Интернет дүкені мереке қарсаңында Алматы, Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Шымкент және Павлодар тұрғындарының сыйлық сатып алу белсендігі артқанын хабардар етті.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«AMANAT» партиясы сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруда: Көкшетауда 150 орындық оңалту орталығы салынып жатыр

Көкшетау қаласында ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға арналған заманауи оңалту орталығының құрылысы жалғасып жатыр. 150 орындық бұл жаңа нысан денсаулығын...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика