2021 жылғы 22 ақпан мен 3 наурыз аралығында 9-11 сынып оқушыларына арналған онлайн режимде жалпы білім беретін пәндер бойынша жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті.. Олимпиада барысында Целиноград, Ерейментау аудандары, Көкшетау қаласы, Степногорск қаласындағы мектептердің балалары жақсы нәтижелер көрсетті.-деп хабарлайды «Aqmola News»ақпарат агенттігі Ақмола облыстық білім басқармасына сілтеме жасап.
Оқушылар арасындағы республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне барлығы 422 оқушы қатысты.
Олимпиада жалпы білім беретін пәндер бойынша жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағытта өткізілді: математика, физика, химия, биология, информатика, география, қазақ тілі мен әдебиеті, қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектептерінде, орыс тіліс мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті қазақ мектептерінде, Қазақстан тарихы, құқықтану негіздері.
«Іс – шара гылыми білімді насихаттау және оқушылардың ғылыми қызметке қызығушылығын дамыту, дарынды балаларды анықтау үшін қажетті жағдай тудыру, халықаралық олимпиадаларға қатысатын оқушыларды іріктеу мен дайындауға ықпал етеді» – дейді ұйымдастырушылар.
Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша I-дәрежелі дипломмен – 35 оқушы, II – дәрежелі дипломмен – 36 оқушы, III-дәрежелі дипломмен – 104 оқушы, Грамоталармен – 20 марапатталды.
Олимпиада қорытындысы бойынша Бурабай ауданының командасы бас жүлдені, «Білім-инновация» лицей-интернаты 1 орынды, дарынды балаларға арналған Абай атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты 2 орынды, 3 орын-Көкшетау қаласының командасы иеленді