Бурабай аудандық полиция бөлімінде 2020 жылғы 15 қазанда қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан полиция капитаны Отарбаев Қанат Айдарбекұлын және полиция капитаны Хамидуллин Қанат Болатұлын еске алуға арналған Ерлік бұрышы ашылды,-деп хабарлайды «Aqmola News»ақпарат агенттігі.
Іс-шараға Ақмола облысы Полиция департаментінің өкілдері, Бурабай АПБ полиция бөлімінің жеке құрамы қатысты.
Іс-шараның маңызды қонақтары қаза тапқан полицейлердің жақындары – ата-анасы, жұбайлары мен балалары болды. Сол күні білмей біреу ұлын, біреу жұбайын, енді біреуі әкесін қызметке шығарып салғанда оралмайтынын білмеген қайғы жамылған туандары көз жасын ұстай алмады, мезгілсіз келген ажал қасіреті мәңгіге жүректерінде орын алды .
Іс-шараны аша отырып, кадр саясаты жөніндегі бастықтың орынбасары полиция подполковнигі Қайрат Омаров ант пен парызға адал болып қалған қаза тапқан әріптестерінің ерліктері халық жадында, әріптестерінің жүрегінде мәңгі сақталатынын атап өтті.
Ақмола облысы ПД музейінің меңгерушісі Амантай Ысқақова ерлік бұрышы патриотизмнің, қызметтік парызға адалдықтың, құқықтық тәртіпті қорғаушылардың батылдығы мен батырлығының символына айналатынын атап өтіп, қаза тапқан полицейлердің ата-аналарына мақтануға лайықты ұлдарды тәрбиелегені үшін алғыс білдірді.
Департамент пен полиция бөлімінің әріптестері мен басшылығына көрсеткен көмегі мен көңіл бөлгені үшін қаза болғандардың ата-аналары мен жұбайлары алғыс айтты.
Кейін іс-шараға қатысушылар мұражайына экскурсияға шақырылды, онда қаза тапқан полиция қызметкерлерін еске алуға арналған экспозиция орналасқан. Қанат Отарбаев пен Қанат Хамидуллиннің туыстары мұражайға полиция қызметкерлеріне тиесілі жеке фотосуреттерді, кительдерді, погондарды, жұмыс дәптерлерін сыйға тартты. Болашақта экспозиция толықтырылатын болады.
Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылы ішінде қызметтік борышын орындау кезінде қылмысқа қарсы күресте 31 ақмолалық полицей қаза тапқанын айта кеткен жөн