spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Көкшетауда қарттар мен қиындыққа тап болғандар үшін пансионат ашылды (ФОТО)

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетау қаласында  «Доброе сердце Lider.kz» қоғамдық қорының жанынан жалғыз басты қарттарға арналған  пансионат ашылды. Сонымен қатар бұл жоба аясында отбасында зарлық-зомбылық көрген әйелдер де қорғауға алынады,-деп хабарлайды «Aqmola News» ақпарат агенттігі. 

Аталмыш жобаға «Тиолайн» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қаржылай демеушілік жасаған.  Компания директоры Данил Долголевтың сөзінше, жастардың қолдау жасауы маңызды және де қарттарды әркезде де ұмытуға болмайды.

Біз «Мейірімді жүрекпен » бір жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеміз. Осы уақыт ішінде біз көптеген мұқтаж адамдарға Ақмола облысында да, Солтүстік Қазақстан облысында да көмектестік. Өңірде мұндай қарттар үйінің ашылуының бір бөлігі болуы өте жақсы. Бізге жобаға қаржылай қолдау көрсетуді ұсынғанда-бір минут та ойланбадық», – деп бөлісті Данил Долголев.

«Доброе сердце Lider.kz» қоғамдық қорының жетекшісі Екатерина Сафонова пансионатты ашу алғашында арман болғанмен, бүгінде шындыққа айналған.

«Бізде бұл идея бұрыннан бар еді, бірақ бәрі әрдайым қаржыландыруға негізделгендіктен мүмкіндік болмай жүрді. Бір жыл бұрын біз «Тиолайн» компаниясының басшыларымен танысып, көптеген бірлескен жобаларды жүзеге асырдық. Биыл олар жобаға толық демеушілік көрсетуді ұсынды,», – деді Екатерина Сафонова.

Әзірге пансионат 15 адамға лайықталған. Сонымен қатар үйіндегі қартты қайда қалдырарын білмейтіндер үшін де уақытша қалдыра тұруға болатын орталық болмақ.

Пансионатта еріктілерден басқа медицина қызметкерлері, массаж жасаушылар, күтушілер, аспаздар мен тазалықшылар жұмыс істейді. Аптасына бір рет интернат қонақтары үшін монша да қарастырылған. Барлығы тегін. Орталық 2 наурыздан жұмысын бастайды . Бірінші күні 10 адамды қабылдау жоспарланған», – деді Сафонова.

Орталық жұмысын одан әрі кеңейту жоспарда бар, бірақ  Екатеринаның сөзінше оған әлі ертерек.

Біз кәсіпкерлерді осындай жобаларды қолдауға шақырамыз. Егер сізде өз наубайханаңыз болса, аптасына 20 таба нан әкелсеңіз, бұл да үлкен көмек болмақ. Мұндай жерден айналып өтпеңіз, керісінше мұқтаждарға көмек қол ұшын созыңыз,- деді Сафонова.

Пансионат Дроздова 36 мекен-жайында орналасқан. Телефондары: +7-777-529-2435, +7-747-133-96-18.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img