spot_img
Сейсенбі, Шілде 8, 2025
21.2 C
Kokshetau

Алексей Цой медициналық жабдықтары қатты тозған өңірлерді атады

Сондай-ақ...оқыңыз

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бүгінгі Үкімет отырысында алғашқы медициналық-санитарлық көмек (АМСК) аясындағы бірқатар мәселеге тоқталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Министрдің айтуынша, жан басына қаржыландыруды жетілдірудің қажеттілігі айқын көрініп отыр.

«Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, негізгі проблемалар бар. Пациенттер деңгейінде бұл көрсетілетін қызметтердің сапасы, коммуникацияның әлсіздігі, мамандарға кезекке тұру, медициналық қызмет көлемінің жеткіліксіздігі, жоғары технологиялық қымбат қызметтерге қолжетімсіздік, арнайы сала мамандарының тапшылығы», – деді Алексей Цой.

Ол АМСК деңгейінде жан басына қаржыландыруды жетілдіру талап етілетінін айтты. Сондай-ақ цифрландыру аяқсыз қалып отыр.

Медициналық ұйымдардың интернетпен қамтамасыз етілуі аудандық деңгейден төмен – 84,2%-ды құрайды.

«Кадрлық әлеуеттің, әлеуметтік кепілдіктердің жеткіліксіздігі, жалақы аздығына қатысты мәселелер бар. Әлсіз инфрақұрылым және жабдықтау да бар. Мәселен, бірқатар шалғайдағы ауылдарда (елдімекен – ред.) АМСК нысандары мен медициналық жабдықтардың тозуы, тіпті, болмауы тіркелген. Жалпы республика бойынша АМСК ұйымдары ғимараттарының тозуы 55%-ды құрайды. Бұл ретте Ақмола облысында – 79%, СҚО – 75%, ШҚО – 71%, БҚО – 69 %, Атырау облысы – 65 %, Қызылорда облысы — 59% анықталған. Бұл аталғандар жабдықтардың қатты тозғанын білдіреді», – деп нақтылады министр.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қопа көлі жағасы тағы бір домбыраның сазына шалқыды

Ұлттық Домбыра күніне орай Ақмола облысында бұрын-соңды болмаған көлемде ұйымдастырылған домбырашылар флешмобы – көпшіліктің жүрегіне ұмытылмас әсер сыйлады. Құрманғазының...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика